О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 704 «Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 704 «Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 642
- Қабылданған күні
- 16.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2019 125136_425265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000642
- ЭКБ идентификаторы
- 125136
- Редакция идентификаторы
- 125136_425265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:54
0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2) және 67-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«67-1) жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу,
жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге
асыру;
67-2) босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
67-3) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып
алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;».