О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2016 года № 802 «Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан и ее распределения между регионами Республики Казахстан, определение лиц, для осуществления трудовой деятельности которых не требуется разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы, и признании утратившим силу некоторых решений Правительства Республики Каза Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері
арасында бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері
арасында бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қала, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;
Тармақша 2
2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
Тармақша 4
4) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
Тармақша 5
5) маусымдық шетелдік жұмыскер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Тармақша 6
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 7
7) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;
Тармақша 8
8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Тармақша 9
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
Тармақша 10
10) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі
Тармақ 4
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына проценттік қатынаспен белгіленеді және:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
Тармақша 3
3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотаны қамтиды.
Тармақ 5
5. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды.
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөніндегі өтінімдерін мына талаптарды:
Тармақша 1
1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;
Тармақша 2
2) жұмыссыз адамдар санының болжамын және жұмыскерлердің межелі босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;
Тармақша 3
3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшінің болжамды қажеттігін ескере отырып жинақтайды.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы органдар 15 қазаннан кешіктірмей шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жинақталған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін шығарады.
Тармақ 9
9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін енгізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комиссия жұмыс берушілердің алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін сұратуын қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның ұсынымдары жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:
Тармақша 1
1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 2
2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;
Тармақша 3
3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 12
12. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 қарашаға дейін алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жинақталған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 13
13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға қалыптастырылған ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 1 қарашаға дейінгі мерзімде енгізеді.
Тармақ 14
14. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімнің негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 15
15. Алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесіп, өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тарту тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін ескере отырып 10 қазанға дейін айқындайды.
Тармақ 16
16. Аумақтық ішкі істер органдары 15 қазанға дейін алдағы жылға (жылдарға) арналған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне келісуге жолдайды.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі алдағы жылға (жылдарға) арналған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі жөніндегі өтінімдерді қарап, қалыптастырады және 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп-қонушыларды тартуға қажеттілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 18
18. Шетелдік жұмыс күші шығатын елдер бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.
Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасқан кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып қалыптастырады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 19
19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған өтінімдердің негізінде алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.
Тармақ 20
20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөліп, ол бөлінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімді өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының өңірлері арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілердің қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдардың шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бөлінісіндегі ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдерге сәйкес шығу елдері бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген квота мүдделі мемлекеттік не жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады.
Басқа 2. 20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс
күшін тартуға қажеттілік
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында бөлу қағидаларына
1-қосымша
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
уәкілетті органның атауы)
кімнен
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның
толық атауы, заңды мекенжайы)
нұсқа
20__ жылға Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс
күшін тартуға қажеттілік
Р/с №
Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)
20__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
1
2
3
4
5
6
7
Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесі
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
М.О. (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)
(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы)
Басқа 3. 20__ жылға Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны
белгілеу және оны Қазақстан
Республикасының өңірлері
арасында бөлу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне
кімнен
_______________________________
_______________________________
_______________________________
(жергілікті атқарушы органның
толық атауы)
нұсқа
20__ жылға Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім
Р/с №
Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы)
Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)
20__ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік
Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
Маусымдық жұмыскерлер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Басқа 4. 20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді
тарту қажеттілігі жөніндегі өтінім
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында
бөлу қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігіне
кімнен_________________________
_______________________________
_______________________________
(аумақтық ішкі істер органының
толық атауы)
нұсқа
20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді
тарту қажеттілігі жөніндегі өтінім
Р/с №
Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік)
20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік
Қажеттіліктің негіздемесі
1
2
3
4
Аумақтық ішкі істер органының
басшысы:______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
М.О.
Басқа 5. 20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу
және оны Қазақстан
Республикасының өңірлері
арасында бөлу қағидаларына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігінен
нұсқа
20__ жылға еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік
Р/с
№
Өңірлер
Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік)
20__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік
Қажеттіліктің негіздемесі
1
2
3
4
5
1
Ақмола облысы
2
Ақтөбе облысы
3
Алматы облысы
4
Атырау облысы
5
Шығыс Қазақстан облысы
6
Батыс Қазақстан облысы
7
Жамбыл облысы
8
Қарағанды облысы
9
Қызылорда облысы
10
Қостанай облысы
11
Маңғыстау облысы
12
Павлодар облысы
13
Солтүстік Қазақстан облысы
14
Түркістан облысы
15
Алматы қаласы
16
Нұр-Сұлтан қаласы
17
Шымкент қаласы
Басқа 6. Шығу елдері бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 20__ жылға арналған өтінім
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны Қазақстан Республикасының
өңірлері арасында
бөлу қағидаларына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне
кімнен_________________________
_______________________________
_______________________________
(жергілікті атқарушы органның
толық атауы)
нұсқа
Шығу елдері бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 20__ жылға арналған өтінім
Р/с №
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны
20__ жылға арналған шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша
1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
1
2
3
4
5
6
7