О внесении изменения в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2016 года №2-3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Таскалинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2016 года №2-3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Таскалинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі №2-3 «Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-6
- Қабылданған күні
- 05.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2020 105407_445872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZK004509
- ЭКБ идентификаторы
- 105407
- Редакция идентификаторы
- 105407_445872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:09
0 Тасқала аудандық мәслихатының
2016 жылғы 15 сәуірдегі №2-3 «Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі
№2-3 «Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4364 болып тіркелген,
2016 жылы 29 сәуірде «Екпін» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».