Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 15 сентября 2017 года № 11-1-2/420 «Об утверждении Правил приема, оформления и рассмотрения загранучреждениями Республики Казахстан заявлений по вопросам гражданства Республики Казахстан, утраты и лишения гражданства Республики Казахстан и определения принадлежности к гражданству Республики Казахстан»

Бұйрық · № 11-1-4/408 · қабылданған 08.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-11-1-2420-ekb-199587/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 15 сентября 2017 года № 11-1-2/420 «Об утверждении Правил приема, оформления и рассмотрения загранучреждениями Республики Казахстан заявлений по вопросам гражданства Республики Казахстан, утраты и лишения гражданства Республики Казахстан и определения принадлежности к гражданству Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/408 ·08.08.2024
08.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 15 сентября 2017 года № 11-1-2/420 «Об утверждении Правил приема, оформления и рассмотрения загранучреждениями Республики Казахстан заявлений по вопросам гражданства Республики Казахстан, утраты и лишения гражданства Республики Казахстан и определения принадлежности к гражданству Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/408 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 15 сентября 2017 года № 11-1-2/420 «Об утверждении Правил приема, оформления и рассмотрения загранучреждениями Республики Казахстан заявлений по вопросам гражданства Республики Казахстан, утраты и лишения гражданства Республики Казахстан и определения принадлежности к гражданству Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/408
Қабылданған күні
08.08.2024
Көрсетілген редакция
08.08.2024 199587_715508.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034914
ЭКБ идентификаторы
199587
Редакция идентификаторы
199587_715508
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:10

0

«Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:
18-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).»;
24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу келесі негіздемелер бойынша жүзеге асырылады:
1) шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адамнан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш.
Өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа), сондай-ақ шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының паспорты болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады.
2) Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің азаматтығын қабылдағаны туралы шет мемлекеттің уәкілетті органының ресми хабарламасы.»;
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
«24-2. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша құжаттарды қарау кезінде консулдық лауазымды адам шет мемлекеттің азаматтығын алған азаматтың Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға кетуге рұқсатының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады.
Шет мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсаты болған жағдайда шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.
Шет мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсат болмаған жағдайда шетелдегі мекеме құжаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жібереді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың деректер базасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – «АӨО» РМК) азаматтықты жоғалтуды тіркегені жөнінде хабардар етеді.
Алынып қойылған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шетелдегі мекеме жояды, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап бір ай ішінде «АӨО» РМК-ге жолдайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы өтініш берілген жағдайда шетелдегі мекеме өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алуға өтініш түскен жағдайда шетелдегі мекеме өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы