О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 11/97 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 11/97 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/97 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/209
- Қабылданған күні
- 12.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2019 127424_408496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MF003757
- ЭКБ идентификаторы
- 127424
- Редакция идентификаторы
- 127424_408496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:07
0 Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/97
«Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 2 мамырдағы №10-15-1500 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы
№ 11/97 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3380 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
19 тармақтың 3) тармақшасы келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері туралы мәлімет болмауы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағиданың 19 қосымшасына сәйкес нысан бойынша (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16601 болып тіркелген) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлімет).».
2 2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
(аппарат басшысы Э.Кельбетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.