Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе»

Өзге акт · № 496 · қабылданған 24.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-120-ekb-145884/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 496 ·24.08.2020
15.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 496 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Хромтауского районного маслихата от 15 мая 2017 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Хромтауском районе»
Атауы (қаз.)
Хромтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
496
Қабылданған күні
24.08.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2024 145884_699463.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CL007365
ЭКБ идентификаторы
145884
Редакция идентификаторы
145884_699463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:08

0 Хромтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Хромтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5541 тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Хромтау ауданында:
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.».

2 2. «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы