О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2023 182734_636072.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000027M
- ЭКБ идентификаторы
- 182734
- Редакция идентификаторы
- 182734_636072
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:29
0 Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»;
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.»;
осы шешімнің 1-қосымшасы алынып тасталсын;
2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне Қосымша».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сактау
министрлігінің Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитеті Қостанай облысының
санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің (РММ)
басшысы
_______________ Е. Даулетбаев
«____» ____________ 2023 жыл
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының полиция
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің (ММ) бастығы
______________ Е. Файзуллин
«____» ___________ 2023 жыл
«Қазақстан Республикасы
экология және табиғи ресурстар
министрлігінің экологиялық
реттеу және бақылау комитеті
Қостанай облысы бойынша
экология департаменті» РММ
басшысы
___________________ Т. Сабиев
«____» ____________ 2023 жыл
«Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы» ММ басшысы
_________________ Д. Аскаров
«____» ___________ 2023 жыл