Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области»

Ереже · № 110 · қабылданған 16.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-130-ekb-192701/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области» Қолданыста Ереже ·№ 110 ·16.01.2024
16.01.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области»

Қолданыста Ереже ·№ 110 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 130 «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
110
Қабылданған күні
16.01.2024
Көрсетілген редакция
16.01.2024 192701_680439.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24N000110M
ЭКБ идентификаторы
192701
Редакция идентификаторы
192701_680439
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:29

0 Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;»;
3-тармақ 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;
31 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді үнемі жууды, дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, шыбындар мен кеміргіштерге қарсы дератизациялауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.»;
31-1 - тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.
Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.»;
32 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«32. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.»;
36-1 - тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.»;
37-1 тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы