О внесении изменения в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 138 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Костанайского областного маслихата»»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 15 марта 2017 года № 138 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Костанайского областного маслихата»»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 138 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 13.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2026 228972_835204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26N000310M
- ЭКБ идентификаторы
- 228972
- Редакция идентификаторы
- 228972_835204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:10
0 Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 138 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 138 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қостанай облыстық мәслихатының
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 310 шешіміне
қосымша
Қостанай облыстық мәслихаттың
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 138 шешімімен
бекітілген
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қостанай облыстық мәслихатының және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, № 66 үй.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
13. Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасау;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды архивтік сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігін ол болмаған кезеңде орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлігі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.