О внесении изменения и дополнений в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2017 года № 147 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по городу Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2017 года № 147 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по городу Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 491
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2024 148400_701297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20R0001653
- ЭКБ идентификаторы
- 148400
- Редакция идентификаторы
- 148400_701297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 24-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі№ 147 «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі» деген қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
«
12.
Алматы қаласы № 7 Қалалық клиникалық ауруханасында реанимациясы бар кардиохирургиялық бөлімше құру
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
»;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17 жолдармен толықтырылсын:
«
14.
Алматы қаласындағы білім беру мекемелері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарын қайта жаңарту, пайдалану және басқару
Алматы қаласы Білім басқармасы
15.
Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану
Алматы қаласы Білім басқармасы
16.
Алматы қаласында бұрын салынған және жаңадан салынып жатқан тоғы әлсіз желілерді жаңғырту, техникалық сервистік қызмет көрсету
Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы
17.
Алматы қаласының саябақтарының, скверлерінің, өзен арналарының, тротуарлары мен аулаларының көше жарығын жүргізу, қайта жаңғырту, қызмет көрсету және пайдалану
Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы
».