О внесении изменения в постановление Иргизского районного акимата от 15 декабря 2017 года № 165 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Иргизского районного акимата от 15 декабря 2017 года № 165 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 165 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137101_431982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CE006545
- ЭКБ идентификаторы
- 137101
- Редакция идентификаторы
- 137101_431982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 165 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған
жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасы және 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 165 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5784 тіркелген, 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен белгіленген тәртіп бойынша пайдаланылады.».