О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 336 «Об утверждении критериев отнесения рыбохозяйственных водоемов и (или) их участков к водоемам и (или) участкам для ведения промыслового рыболовства, любительского (спортивного) рыболовства, озерно-товарного рыбоводного хозяйства, садкового рыбоводного хозяйства и Методики их определения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 336 «Об утверждении критериев отнесения рыбохозяйственных водоемов и (или) их участков к водоемам и (или) участкам для ведения промыслового рыболовства, любительского (спортивного) рыболовства, озерно-товарного рыбоводного хозяйства, садкового рыбоводного хозяйства и Методики их определения»
- Атауы (қаз.)
- «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 17.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2024 145585_706222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021110
- ЭКБ идентификаторы
- 145585
- Редакция идентификаторы
- 145585_706222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:12
0
«Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 15697 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қыркүйекте эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын», 1-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ащы-тұзды (артемия цисталарын өндіру үшін жарамды) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады:
ихтиофаунаның болмауы;
судың минералдануы 30 г/дм3 артық;
тереңдігі 0,5 метрден кем емес (құрғайтын балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өлшемшарттар мыналар болып табылады:
1) кәсіпшілік балық аулау үшін:
балық ресурстары және басқа да су жануарлары және тұрақты кәсіпшілік аулауды жүргізуге мүмкіндік болған кезде ірі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;
су айдындарына кәсіпшілік жүктеме балық ресурстары мен басқа да су жануарларын табиғи өсімін молайтуға мүмкіндік береді;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін:
кәсіпшілік балық өсіруді ұйымдастыру, көлде тауарлы балық өсіру және тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мүмкін емес су айдындары және (немесе) учаскелері (түбінде тырбиған ағаштары бар, балық қырылу қауіптілігі құбылысына ұшыраған су айдындары, бөгеулер, ағыстар);
кәсіпшілік балық түрлерінің өнімділігі төмен және олардың өсімін молайту үшін айтарлықтай мәні жоқ су айдындары және (немесе) учаскелері;
3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін:
оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары (су айдындары жүйелері), теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары, негізінен құндылығы төмен балық түрлері аз құнды түрлерімен мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен балықтар су айдынын толық (жаппай) аулау мүмкіндігі;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін:
жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері.».