Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены»

Бұйрық · № 294 · қабылданған 10.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-337-ekb-123915/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены» Күшін жойған Бұйрық ·№ 294 ·10.07.2018
21.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 294 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 «Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены»
Атауы (қаз.)
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
10.07.2018
Көрсетілген редакция
21.05.2024 123915_702506.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017227
ЭКБ идентификаторы
123915
Редакция идентификаторы
123915_702506
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:46

0

«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтінім мыналарды қамтиды:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге берілген өтініштің түпнұсқасы;
өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының (екі жылға арналған) түпнұсқасы;
материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандармен жасалған еңбек шарттарының және олардың дипломдарының көшірмелері;
өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);
аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы