Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 15 февраля 2017 года № 40 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»

Қаулы · № 127 · қабылданған 09.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no-40/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 15 февраля 2017 года № 40 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов» Күшін жойған 02.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 15 февраля 2017 года № 40 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»

Күшін жойған Қаулы № 127 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 15 февраля 2017 года № 40 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
09.06.2020
Көрсетілген редакция
02.11.2022 143699_599554.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ME004232
ЭКБ идентификаторы
143699
Редакция идентификаторы
143699_599554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:09
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №40 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №40 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3281 болып тіркелген, 2017 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы М. Оразалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 маусымы
№ 127 қаулысына қосымша
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№40 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері, % есебімен
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
454
4
18