О внесении изменения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 445 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 445 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 15.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2019 124151_414791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G18SI000360
- ЭКБ идентификаторы
- 124151
- Редакция идентификаторы
- 124151_414791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:30
0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
Министрлік Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықтың қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркелуін;
2
2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;