О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 15 августа 2017 года № 9/113 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 15 августа 2017 года № 9/113 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 9/113 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/262
- Қабылданған күні
- 14.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2019 128906_407164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ME003791
- ЭКБ идентификаторы
- 128906
- Редакция идентификаторы
- 128906_407164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:21
0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 9/113 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамызындағы № 9/113 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3422 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
8 және 9 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда бұл қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қатысушы мәлімдеген баға бойынша сатылады.»;
«9. Қалдықтарды бөлім жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.».
2
2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.