О внесении дополнения в постановление акимата Шалкарского района от 15 мая 2017 года № 98 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Шалкарского района и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Шалкарского района от 15 мая 2017 года № 98 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Шалкарского района и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 29.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2019 130316_397921.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CM006061
- ЭКБ идентификаторы
- 130316
- Редакция идентификаторы
- 130316_397921
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:36
0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5513 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 маусымда аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы 9) тармақшасымен толықтырылсын және келесідей редакцияда жазылсын:
«9) сегіз пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Ө. Сейітов көшесі, № 14 үй.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц=62 003 800 теңге/670,5 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 92 474 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т=100 жыл;
Р=0 теңге;
А=92 474/100/12+0=77 теңге айына бір шаршы метрге.».