Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 15 фавраля 2017 года №89 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Кызылординской области»

Өзге акт · № 160 · қабылданған 12.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2017-no89-ekb-117249/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 15 фавраля 2017 года №89 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Кызылординской области» Күшін жойған Өзге акт ·№ 160 ·12.12.2017
07.09.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 15 фавраля 2017 года №89 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Кызылординской области»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 160 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 15 фавраля 2017 года №89 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по Кызылординской области»
Атауы (қаз.)
«Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
160
Қабылданған күні
12.12.2017
Көрсетілген редакция
07.09.2022 117249_590980.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0006085
ЭКБ идентификаторы
117249
Редакция идентификаторы
117249_590980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:52

0 «Қызылорда облысы бойынша

іске асырылуы жоспарланатын
жергілікті мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының тізбесін
бекіту туралы» Қызылорда облыстық
мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы
№89 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қызылорда облыстық мәслихатының

2017 жылғы «12» желтоқсан № 160
шешіміне
қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы «15» ақпандағы № 89
шешімімен
бекітілген
Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

1 1. Қызылорда қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету (2017 – 2020 жылдарға).

2 2. Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу (2017-2023 жылдарға).

3 3. Қызылорда қаласы «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2017-2027 жылдарға).

4 4. Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

5 5. Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

6 6. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

7 7. Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).

8 8. Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).

9 9. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде «Таң бөбегі» 90 орындық балабақшаны ашу (2018-2022 жылдарға).

10 10. Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу.

Қолданыстағы