О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2018 года № 180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Тарановского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 15 марта 2018 года № 180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Тарановского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 «Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 329
- Қабылданған күні
- 18.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2023 137237_625858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NR008831
- ЭКБ идентификаторы
- 137237
- Редакция идентификаторы
- 137237_625858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:18
0 Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 «Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 (2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7675 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесінде «аудандық мәслихат» сөз тіркесі «ауданның мәслихаты» деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-тармағында және көрсетілген шешіммен бекітілген Әдістеменің барлық мәтіні бойынша «Таран аудандық мәслихатының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының» деп ауыстырылсын.