Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 «Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке»

Бұйрық · № 490 · қабылданған 10.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-188/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 «Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке» Қолданыста Бұйрық ·№ 490 ·10.12.2018
10.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 «Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке»

Қолданыста Бұйрық ·№ 490 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 «Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке»
Атауы (қаз.)
«Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
490
Қабылданған күні
10.12.2018
Көрсетілген редакция
10.12.2018 126614_375920.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017910
ЭКБ идентификаторы
126614
Редакция идентификаторы
126614_375920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:09

0 «Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жедел жиналысының 2018 жылғы 7 қарашадағы № 18-21-02.3 Хаттамасының 1-тармағын орындау мақсатында халық үшін жылу энергиясына және электр энергиясына тарифтерді төмендету үшін БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17017 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларында:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Алматы қаласы
23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)
2.
Алматы облысы
23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)
3.
Түркістан облысы
21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз)
4.
Жамбыл облысы
21 197 (жиырма бір мың бір жүз тоқсан жеті)
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
«
12.
Шымкент қаласы
21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз)
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 490 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
Р/с

Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Алматы қаласы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
2.
Алматы облысы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
3.
Шымкент қаласы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
4.
Түркістан облысы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
5.
Жамбыл облысы
18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)
6.
Қызылорда облысы
7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)
7.
Батыс Қазақстан облысы
10 541 (он мың бес жүз қырық бір)
8.
Ақтөбе облысы
5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)
9.
Атырау облысы
6 340 (алты мың үш жүз қырық)
10.
Қостанай облысы
17 305 (он жеті мың үш жүз бес)
11.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
12.
Маңғыстау облысы
12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)

Қолданыстағы