О внесении изменения в приказ Министра общественного развития Республики Казахстан от 15 августа 2018 года № 19 «Об утверждении Стандарта государственного социального заказа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра общественного развития Республики Казахстан от 15 августа 2018 года № 19 «Об утверждении Стандарта государственного социального заказа»
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 30.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2019 134960_422311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019418
- ЭКБ идентификаторы
- 134960
- Редакция идентификаторы
- 134960_422311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:20
0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бағдарламаларын, әлеуметтік жобаларын, функцияларын іске асыру нысаны;».