О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 20/8-VI «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Глубоковского районного маслихата»»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 20/8-VI «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Глубоковского районного маслихата»»
- Атауы (қаз.)
- Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/8-VI ««Глубокое аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/3-VI
- Қабылданған күні
- 12.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2022 144196_621029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VI007218
- ЭКБ идентификаторы
- 144196
- Редакция идентификаторы
- 144196_621029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:06
0 Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/8-VI ««Глубокое аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/8-VI ««Глубокое аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Глубокое аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Глубокое аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (бұдан әрі – үлгілік әдістеме) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінің негізінде әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.»;
5-тармағының 2 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.».