О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 15 февраля 2018 года № 259-қ «О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 15 февраля 2018 года № 259-қ «О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году»
- Атауы (қаз.)
- «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 259-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 303-қ
- Қабылданған күні
- 18.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2018 121574_319902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LC006281
- ЭКБ идентификаторы
- 121574
- Редакция идентификаторы
- 121574_319902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:47
0 «2018 жылы өткізілетін бірыңғай
мемлекеттік сатып алулардың
кейбір мәселелері туралы»
Арал ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 259-қ қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 259-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.».
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».