О внесении изменений и дополнения в решение Кербулакского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 28-153 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кербулакского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Кербулакского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 28-153 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кербулакского района»
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28-153 «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56-331
- Қабылданған күні
- 05.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2021 142896_515358.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DM005525
- ЭКБ идентификаторы
- 142896
- Редакция идентификаторы
- 142896_515358
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:37
0 Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28-153 «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28-153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 тіркелген, 2018 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;»;
«4) 29 тамыз – Семей ядролық полигонның жабылған күні.»;
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 200 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.