Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 330 «Об утверждении положения о государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан»

Бұйрық · № 529 · қабылданған 20.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-330/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 330 «Об утверждении положения о государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 529 ·20.07.2023
20.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 330 «Об утверждении положения о государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 529 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 330 «Об утверждении положения о государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
529
Қабылданған күні
20.07.2023
Көрсетілген редакция
20.07.2023 184218_645844.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033138
ЭКБ идентификаторы
184218
Редакция идентификаторы
184218_645844
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:48

0 «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16970 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережесінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 141-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілген Кодекстің 277-бабының 6-тармағына сәйкес редакцияда әзірленген және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін ұйымдастыру мәселелерін, олардың құрамын, жұмыс регламентін және іс жүргізуін айқындайды.
2. Комиссия жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның ведомствосының жанынан құрылады және көмірсутектері және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын мемлекеттік сараптаманы (бұдан әрі - сараптама) жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.»;
«5-тармақтың:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайдалы қазбаларды өндіру жағдайлары үшін геологиялық, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, экологиялық және техникалық-экономикалық деректердің толықтығы мен дұрыстығын;»;
4 және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:».
«4) бағалау, барлау және пайдалану жұмыстарының, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық зерттеу және бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері мен сапасын;
5) пайдалы қазбалар кен орындарын жоюдың немесе консервациялаудың, өнеркәсіптік маңызын жоғалтқан, техникалық-экономикалық немесе тау-кен техникалық себептер бойынша өңдеуге жарамсыз, кейінгі геологиялық барлау жұмыстары мен өңдеу кезінде растамаудың нормативтік қателіктерінен асатын пайдалы қазбалар қорларын есептен шығарудың негізділігін айқындайды.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нарықтық экономика мен минералдық шикізат конъюнктурасын есепке алуға сәйкес пайдалы қазбалардың қорлары мен болжамды ресурстарына геологиялық-экономикалық баға береді;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 34-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін келісімшарттық талаптарда айтылған жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу мерзімдер бұзған жағдайда, сараптамаға ұсынылған есептерді кері қайтарады;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады.»;
18, 19, 20 және 21-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комиссия төрағасы Комитет төрағасы болып табылады. Комиссия төрағасының комиссия төрағасы болмаған кезеңде Комиссия құзыреті шегінде құжаттарға қол қоюға құқығы бар орынбасары болады.
19. Комиссия төрағасының орынбасары Комитет төрағасының орынбасары болып табылады.
20. Комитеттің салалық басқармаларының басшылары мен бас сарапшылары хатшы және Комиссия мүшелері болып табылады.
21. Комиссияның жеке құрамы Комитет төрағасымен бекітіледі.»;
29- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Жер қойнауын пайдаланушы сараптамаға мыналарды жібереді:
есеп қағаз және электрондық жеткізгіштерде бір данада;
есепке авторлық анықтамалар-бір дана санында.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Сараптама геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі. Тәуелсіз сарапшылардың тізімін Комитет төрағасы бекітеді.».
22, 23,24, 25, 27, 28-тармақтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы