Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Байганинского района от 15 февраля 2018 года № 36 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»

Қаулы · № 297 · қабылданған 08.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-36-ekb-135915/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Байганинского района от 15 февраля 2018 года № 36 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность» Қолданыста Қаулы ·№ 297 ·08.11.2019
08.11.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Байганинского района от 15 февраля 2018 года № 36 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»

Қолданыста Қаулы ·№ 297 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Байганинского района от 15 февраля 2018 года № 36 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 36 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
297
Қабылданған күні
08.11.2019
Көрсетілген редакция
08.11.2019 135915_426765.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CD006450
ЭКБ идентификаторы
135915
Редакция идентификаторы
135915_426765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:55

0 Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 36

«Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған
жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 36 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-153 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 наурызда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларында:
7 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.».

2 2. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы