О внесении изменений в постановление акимата Тупкараганского района от 15 марта 2018 года № 45 «Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Тупкараганского района от 15 марта 2018 года № 45 «Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Тупкараганского района», районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 45 «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 08.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2022 170661_587515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22MF00141A
- ЭКБ идентификаторы
- 170661
- Редакция идентификаторы
- 170661_587515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:44
0 Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы
15 наурыздағы №45 ««Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №45 ««Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3547 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасындағы 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.