Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 марта 2018 года № 53 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Западно-Казахстанской области» и областных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета»

Қаулы · № 61 · қабылданған 06.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-53-ekb-167593/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 марта 2018 года № 53 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Западно-Казахстанской области» и областных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета» Қолданыста Қаулы ·№ 61 ·06.05.2022
06.05.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 марта 2018 года № 53 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Западно-Казахстанской области» и областных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета»

Қолданыста Қаулы ·№ 61 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 15 марта 2018 года № 53 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Западно-Казахстанской области» и областных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61
Қабылданған күні
06.05.2022
Көрсетілген редакция
06.05.2022 167593_574581.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22Z000061A
ЭКБ идентификаторы
167593
Редакция идентификаторы
167593_574581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:01

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте, танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.
42-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы