О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 655 «Об установлении государственному учреждению «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная» публичного сервитута на земельные участки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 655 «Об установлении государственному учреждению «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная» публичного сервитута на земельные участки»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 655 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1275
- Қабылданған күні
- 28.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 145863_477905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009418
- ЭКБ идентификаторы
- 145863
- Редакция идентификаторы
- 145863_477905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:01
0 Әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 655 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 10 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 288
«Қостанай қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7987 болып тіркелген), Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 болып тіркелген) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 655 қаулысына (2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7697 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Омар Дощанов көшесі шекарасындағы Б. Майлин көшесі;
Воинов Интернационалистов көшесі – Абай даңғылы шекарасындағы Карбышев көшесі;
Павлов көшесі – С. Баймағамбетов көшесі шекарасындағы Ы. Алтынсарин көшесі;
Дзержинский көшесі – А. Бородин көшесі шекарасындағы Пушкин көшесі;
Әл-Фараби даңғылы Б. Майлин көшесі – Перронная көшесі шекарасында;
Гоголь көшесі – Рабочая көшесі шекарасындағы И. Сьянов көшесі;
Абай даңғылы – В. Чкалов көшесі шекарасындағы Генерал Арыстанбеков көшесі;
Кәмшат Дөненбаева көшесі – Промышленная көшесі шекарасындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы.».