Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 656 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная»

Қаулы · № 472 · қабылданған 20.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-656/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 656 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная» Қолданыста Қаулы ·№ 472 ·20.03.2025
20.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 656 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная»

Қолданыста Қаулы ·№ 472 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 15 марта 2018 года № 656 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Костаная»
Атауы (қаз.)
«Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
472
Қабылданған күні
20.03.2025
Көрсетілген редакция
20.03.2025 208296_748631.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NA00472A
ЭКБ идентификаторы
208296
Редакция идентификаторы
208296_748631
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:29

0 «Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әкімдіктің «Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7692 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Әкімдіктің
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 472 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 656 қаулысына
қосымша
Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

1 1. Қостанай қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін Қостанай қаласының бюджетіне аудару нормативі былайша айқындалады:

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден
50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

2

2. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 0,1 пайыз мөлшерінде анықталсын.

Қолданыстағы