Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2018 года № А-7/269 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы»

Қаулы · № А-4/166 · қабылданған 12.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-7269-2018-2019-2019-2020-2020-2021-ekb-130769/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2018 года № А-7/269 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы» Қолданыста Қаулы ·№ А-4/166 ·12.04.2019
12.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2018 года № А-7/269 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы»

Қолданыста Қаулы ·№ А-4/166 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2018 года № А-7/269 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 учебные годы»
Атауы (қаз.)
«2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-4/166
Қабылданған күні
12.04.2019
Көрсетілген редакция
12.04.2019 130769_400163.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19B0007141
ЭКБ идентификаторы
130769
Редакция идентификаторы
130769_400163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:22

0 «2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № А-7/269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6703 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 5 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 8-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Қоса беріліп отырған:

1 1) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

2 2) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

3 3) жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүдделі органдармен бірлесе отырып, жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша шаралар қолдансын.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы күші 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 12 сәуірдегі
№ А-4/166 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ А-7/269 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Профиль атауы (бағыты)
Орындар саны
Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар
(мың теңгемен)
1
Білім беру
1173
371,1
2
Медицина, фармацевтика
164
423,7
3
Өнер және мәдениет
205
525,4
4
Қызмет көрсету, экономика және басқару
710
487,6
5
Геология, тау-кен өндірісін өндіру өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру
175
383,3
6
Энергетика
117
361,3
7
Металлургия және машина жасау
70
378,8
8
Көлік (салалар бойынша)
220
455,8
9
Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану
395
531,9
10
Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника
345
453,4
11
Құрылыс және коммуналдық шаруашылық
370
345,3
12
Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология
755
526
Жиыны:
4699

Қолданыстағы