О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года №19-20 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жангалинского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года №19-20 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жангалинского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 19-20 «Жаңақала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-12
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2024 167488_702843.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZE02212M
- ЭКБ идентификаторы
- 167488
- Редакция идентификаторы
- 167488_702843
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:04
0 Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 19-20 «Жаңақала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 «Жаңақала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5106 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жаңақала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.