О внесении изменений в постановление акимата Казталовского района от 15 марта 2018 года №87 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Казталовского района» и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Казталовского района от 15 марта 2018 года №87 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Казталовского района» и районных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №87 «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 21.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2024 166986_720147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZH00065A
- ЭКБ идентификаторы
- 166986
- Редакция идентификаторы
- 166986_720147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:19
0
Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №87 «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Казталов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №87 «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5108 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.