Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 15 апреля 2019 года № 305 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства»

Қаулы · № 894 · қабылданған 20.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2019-no-305-ekb-136288/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 15 апреля 2019 года № 305 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства» Күшін жойған Қаулы ·№ 894 ·20.11.2019
01.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 15 апреля 2019 года № 305 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 894 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 15 апреля 2019 года № 305 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства»
Атауы (қаз.)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
894
Қабылданған күні
20.11.2019
Көрсетілген редакция
01.04.2020 136288_451311.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000071
ЭКБ идентификаторы
136288
Редакция идентификаторы
136288_451311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:46

0 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының

өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №305 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 сәуірде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері» қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Шымкент қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
«__» ______________
№ _____ қаулысына
қосымша
Шымкент қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
«15» сәуірдегі
№305 қаулысына
қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері,
теңге
Субсидия көлемі
Субсидия соммасы, теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Етті ірі қара мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас/шағылыстыру маусымы
10 000
1 066
10 660 000
1.2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
20 000
382
7 640 000
1.3.
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
сатып алынған бас
150 000
26
3 900 000
1.4.
Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу
225 000
128
28 800 000
Сүтті және сүтті-етті ірі қара мал шаруашылығы
1.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
1.1.
Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік
сатып алынған бас
150 000
12
1 800 000
1.2.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау
ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы
5 000
2 502
12 510 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
сатып алынған бас
60
91 000
5 460 000
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
бас/ шағылысу маусымы
2 500
1017
2 542 500
1.2.
Қойлардың тауарлық аналық басы
1 500
4 471
6 706 500
1.3.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
сатып алынған бас
8 000
638
5 104 000
1.4
Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу
40 000
297
11 880 000
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
бас/шағылысу маусымы
40 000
721
28 840 000
Балара шаруашылығы
1.
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы/маусым
5 000
8 452
42 260 000
Барлығы
168 103 000
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Етті мал шаруашылығы
1.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
қосқан салмағы,
килограмм
200
3 073 499
614 699 800
1.2.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату
тiрiдей салмағы,
килограмм
200
71 614
14 322 800
1.3.
Қозы өткізу құнын арзандату
өткізілген бас
3000
1 000
3 000 000
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1.
бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
өткізілген немесе өңделген килограмм
10
3 312 260
33 122 600
1.2.
Ауыл шаруашылығы кооперативі
10
600 015
6 000 150
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1.1.
100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
2,5
63 420 000
158 550 000
1.2.
20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
2
28 292 500
56 585 000
Барлығы
886 280 350

Қолданыстағы