Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Аксуского городского маслихата от 15 мая 2019 года № 313/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»

Ереже · № 476/71 · қабылданған 23.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2019-no-31342/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Аксуского городского маслихата от 15 мая 2019 года № 313/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу» Күшін жойған Ереже ·№ 476/71 ·23.12.2020
30.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Аксуского городского маслихата от 15 мая 2019 года № 313/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»

Күшін жойған Ереже ·№ 476/71 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Аксуского городского маслихата от 15 мая 2019 года № 313/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу»
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 313/42 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
476/71
Қабылданған күні
23.12.2020
Көрсетілген редакция
30.04.2021 151539_524730.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20PB007179
ЭКБ идентификаторы
151539
Редакция идентификаторы
151539_524730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:51

0 Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№ 313/42 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабының 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 313/42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні;
7) қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні;
8) 1 қазан - Қарттар күні;
9) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.»;
7 - тармақтың 7-8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7-8) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;»;
7 - тармақтың 8-5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8 - 5) облыстың жоғары оқу орындарында қала әкімінің гранты бойынша оқитын студенттер, сондай-ақ «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында оқитын интерн-студенттер;»;
7 - тармақ келесі мазмұндағы 12) тармақшасымен толықтырылсын:
«12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға.»;
8 -тармақтың 1-1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Қеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне, Отан қорғаушы күніне, Жеңіс күніне, Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, Отбасы күніне, Еңбек күніне, Қарттар күніне 7-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7-8), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;»;
8 - тармақтың 2-4) тармақшасы алынып тасталсын;
8 - тармақтың 3-1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3 - 1) 7 - тармақтың 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, атап айтқанда: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне –Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш, санатын растайтын құжаттың көшірмесі негізінде сауықтыруға 10 (он) АЕК мөлшерінде;».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы