Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 мая 2019 года № 337 «Об утверждении типовых учебных планов военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 433 · қабылданған 03.07.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2019-no-337/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 мая 2019 года № 337 «Об утверждении типовых учебных планов военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 ·03.07.2021
04.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 мая 2019 года № 337 «Об утверждении типовых учебных планов военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 мая 2019 года № 337 «Об утверждении типовых учебных планов военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
433
Қабылданған күні
03.07.2021
Көрсетілген редакция
04.07.2023 156868_642668.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023375
ЭКБ идентификаторы
156868
Редакция идентификаторы
156868_642668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:41

0 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу жоспары бекітілсін.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2021 жылғы «___» __________

1 Жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 3 шілдедегі
№ 433 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 337 бұйрығына
1-қосымша
Жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің
үлгілік оқу жоспары

Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық кредиттегі
академиялық сағаттағы
1.
Жалпы гуманитарлық пәндер
23
690
Міндетті құрамдас
13
390
Қазақ (орыс) тілі
4
120
Ағылшын тілі
5
150
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
4
120
ӘОО құрамдасы
10
300
2.
Жалпы кәсіптік пәндер
25-тен аспайды
750-ден аспайды
Міндетті құрамдас
кемінде 6
кемінде 180
Дене шынықтыру дайындығы
кемінде 6
кемінде 180
ӘОО құрамдасы
19-дан аспайды
570-тен аспайды
3.
Арнайы пәндер
52-ден аспайды
1560-тан аспайды
ӘОО құрамдасы
52
1560
4.
Әскери тағылымдама
8
240
5.
Аралық аттестаттау
кемінде 6
академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат)
6.
Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан)
2-ден аспайды
2 аптадан аспайды (60 сағат)
7.
Кәсіптік практика
4
120
Барлығы
120
3600
8.
Консультациялар
5-тен аспайды
150-ден аспайды
9.
Факультативтік сабақтар
кемінде 9
кемінде 270 сағат
Жиыны
134
4020

2 Негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы «___» _______
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 337 бұйрығына
1-1-қосымша
Негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша
техникалық және кәсіптік білім берудің
үлгілік оқу жоспары

Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық кредиттегі
академиялық сағаттағы
1.
Жалпы білім беру пәндері
48
1440
Міндетті құрамдас
Қазақ тілі және әдебиет
4
120
Орыс тілі және әдебиет
4
120
Шет тілі
4
120
Математика
6
180
Информатика
3
90
Қазақстан тарихы
3
90
Өзін-өзі тану
2
60
Бастапқы әскери және технологиялық дайындық
3
90
Дене шынықтыру
5
150
Тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндер
Физика
5
150
География
5
150
Оқытудың стандартты деңгейіндегі пәндер
Дүние жүзі тарихы
2
60
Биология
2
60
2.
Жалпы гуманитарлық пәндер
6
180
3.
Жалпы кәсіптік пәндер
30
900
4.
Арнайы пәндер
10
300
Міндетті құрамдас
10
300
5.
Әскери тағылымдама
42
1260
6.
Аралық аттестаттау
кемінде 6
академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат
7.
Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан)
2-ден аспайды
2 аптадан аспайды (60 сағат)
Барлығы
144
4320
8.
Консультациялар
10-нан аспайды
300-ден аспайды
9.
Факультативтік сабақтар
кемінде 11
кемінде 330 сағат
Жиыны:
165 (36)
4950 (1080)

Қолданыстағы