Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 15 ноября 2019 года № 51/8-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Өзге акт · № 3/7-VII · қабылданған 12.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2019-no-518-vi/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 15 ноября 2019 года № 51/8-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога» Қолданыста Өзге акт ·№ 3/7-VII ·12.03.2021
12.03.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 15 ноября 2019 года № 51/8-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Қолданыста Өзге акт ·№ 3/7-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 15 ноября 2019 года № 51/8-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»
Атауы (қаз.)
Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/8-VI «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/7-VII
Қабылданған күні
12.03.2021
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2021
Көрсетілген редакция
12.03.2021 153955_515034.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VA008483
ЭКБ идентификаторы
153955
Редакция идентификаторы
153955_515034
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:15

0 Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/8-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/8-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6321 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % төмендетілсін;
4 аймақ бойынша – 30 % төмендетілсін.
Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 31 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 33 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 38 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 41 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 44 % арттырылсын;
7 аймақ бойынша – 46 % арттырылсын;
8 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын.».

2 2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы