О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 15 мая 2019 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий крестьянском хозяйстве «Саян» село Кенсай Кенсайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Кенсайского сельского округа Зайсанского района от 15 мая 2019 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий крестьянском хозяйстве «Саян» село Кенсай Кенсайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының «Саян» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 10.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2019 135271_423486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VKB06198
- ЭКБ идентификаторы
- 135271
- Редакция идентификаторы
- 135271_423486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:15
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Кеңсай ауылдық
округінің Кеңсай ауылының «Саян» шаруа қожалығына
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы
Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15
мамырдағы № 6 шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 02 қыркүйектегі № 223 ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының «Саян» шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы «Кеңсай ауылдық округінің Кеңсай ауылының «Саян» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5947 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда «Достық» газетінде жарияланған және 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.