О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 марта 2019 года № 64 «Об утверждении Правил отбора кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами, для оказания государственной финансовой поддержки по их производству»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 марта 2019 года № 64 «Об утверждении Правил отбора кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами, для оказания государственной финансовой поддержки по их производству»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 03.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2019 133031_413660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018975
- ЭКБ идентификаторы
- 133031
- Редакция идентификаторы
- 133031_413660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:15
0 «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18405 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Осы Қағидалардың 3, 5, 7 және 11-тармақтарында көрсетілген мерзімдер Орталықтың бірінші жұмыс істейтін жылы алты айға дейін ұзартылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;