О внесении дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 15 октября 2019 года № 7 «Об утверждении Правил применения технических средств связи, обеспечивающих участие в судебном заседании, и требования к ним»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 15 октября 2019 года № 7 «Об утверждении Правил применения технических средств связи, обеспечивающих участие в судебном заседании, и требования к ним»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 20.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2020 144993_472986.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021000
- ЭКБ идентификаторы
- 144993
- Редакция идентификаторы
- 144993_472986
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:28
0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2019 жылғы 15 қазандағы №7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес:
1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы»2019 жылғы 15 қазандағы №7бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 21 қазанда №19499 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 қазанда жарияланған)келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптар:
мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып өткізілетін сот отырысындағы тәртіп туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 187-бабының ережелері төрағалық етушінің өкімдеріне сәйкес нақты сот отырысын өткізудің техникалық шарттары ескеріле отырып қолданылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімімен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.