О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Зайсан от 15 мая 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в микрорайоне «Заречный» Зайсанского городского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Зайсан от 15 мая 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в микрорайоне «Заречный» Зайсанского городского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Зайсан қала округінің «Заречный» мөлтек ауданына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан қала әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 07.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2020 147276_484741.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VKI07636
- ЭКБ идентификаторы
- 147276
- Редакция идентификаторы
- 147276_484741
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:26
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Зайсан қала округінің «Заречный» мөлтек
ауданына шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы» Зайсан қала әкімінің 2020 жылғы
15 мамырдағы № 1 шешімінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 01 қыркүйектегі № 599 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің «Заречный» мөлтек ауданына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1 «Зайсан қала округінің «Заречный» мөлтек ауданына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 02 мамырдағы № 7098 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 мамырдағы «Достық» газетінде жарияланған және 2020 жылдың 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.