О внесении изменений в приказ Председателя Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № 1-НҚ «Об утверждении положений территориальных подразделений (районных и городов районного значения) республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № 1-НҚ «Об утверждении положений территориальных подразделений (районных и городов районного значения) республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61-НҚ
- Қабылданған күні
- 28.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2025 210794_761701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25RR000061
- ЭКБ идентификаторы
- 210794
- Редакция идентификаторы
- 210794_761701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:11
0
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңасемей ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мақаншы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Марқакөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Үлкен Нарын ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелердің ережелерінде:
15-тармақтардың 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өз құзыретінің шегінде тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
15-тармақтардың 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;»;
15-тармақтардың 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«23) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;»;
15-тармақтардың 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«25) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;»;
15-тармақтардың 27) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мыналарды:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша петицияларды қарау;»;
15-тармақтардың 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«29) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыру.».
2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;