О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Ольгинского сельского округа Успенского района от 15 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Ольгинского сельского округа Успенского района от 15 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 15.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2020 144998_472342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PLI06864
- ЭКБ идентификаторы
- 144998
- Редакция идентификаторы
- 144998_472342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:30
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 2-19/245 ұсынысы негізінде, Ольгин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Тимирязев ауылында орналасқан «Казкеев» фермер қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6712 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Успен аудандық аймақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_________ С. Сарсимбинов
2020 жылғы «15» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
«Успен ауданының кәсіпкерлік,
ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________ Е. Айтмакушев
2020 жылғы «15» шілде