О внесении изменения в постановление акимата города Тараз от 15 июля 2020 года № 2107 «Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Тараз от 15 июля 2020 года № 2107 «Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях»
- Атауы (қаз.)
- «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1547
- Қабылданған күні
- 20.04.2021
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2021 155108_519043.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21GA004950
- ЭКБ идентификаторы
- 155108
- Редакция идентификаторы
- 155108_519043
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:32
0 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы»
Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37-баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі №2107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4685 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 20 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мына:
«жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 65 (алпыс бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 30 (отыз) теңге;»
деген жолдар тиісінше жаңа редакция жазылсын:
«жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 85 (сексен бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 40 (қырық) теңге;».
2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Есеналиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
_________ Б.Күлекеев
«____» ________ 2021 жыл