О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 15 декабря 2020 года № 255 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Каракиянского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 15 декабря 2020 года № 255 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Каракиянского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 17.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2022 164798_561615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MD026915
- ЭКБ идентификаторы
- 164798
- Редакция идентификаторы
- 164798_561615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:26
0 «Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4380 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 8 жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
Бостан ауылы
8
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық Мәдениет үйінің жанында
5 шаршы метрден
4 орын
5 жыл
ауыл шаруашылығы өнімдері
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ