Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-262/2020 «Об утверждении правил применения принудительной меры медицинского характера»

Бұйрық · № 102 · қабылданған 01.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2020-no-2622020/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-262/2020 «Об утверждении правил применения принудительной меры медицинского характера» Қолданыста Бұйрық ·№ 102 ·01.10.2025
01.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-262/2020 «Об утверждении правил применения принудительной меры медицинского характера»

Қолданыста Бұйрық ·№ 102 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-262/2020 «Об утверждении правил применения принудительной меры медицинского характера»
Атауы (қаз.)
«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
102
Қабылданған күні
01.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
17.10.2025
Көрсетілген редакция
01.10.2025 215064_779267.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037010
ЭКБ идентификаторы
215064
Редакция идентификаторы
215064_779267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:50

0 «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 152-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 91-бабы 1-тармағының 3), 5) тармақшаларына сәйкес кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) жазасын өтеп жатқан 18 жастан асқан адамдарға қатысты химиялық кастрациялау түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы күшіне енген сот шешімінің негізінде қолданылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады.
Мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді.
Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы