Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-270/2020 «Об утверждении правил размещения государственного заказа, приема на обучение и подготовки медицинских кадров в резидентуре»

Бұйрық · № ҚР-ДСМ-70 · қабылданған 29.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2020-no-2702020-ekb-157484/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-270/2020 «Об утверждении правил размещения государственного заказа, приема на обучение и подготовки медицинских кадров в резидентуре» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР-ДСМ-70 ·29.07.2021
29.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-270/2020 «Об утверждении правил размещения государственного заказа, приема на обучение и подготовки медицинских кадров в резидентуре»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР-ДСМ-70 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-270/2020 «Об утверждении правил размещения государственного заказа, приема на обучение и подготовки медицинских кадров в резидентуре»
Атауы (қаз.)
«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР-ДСМ-70
Қабылданған күні
29.07.2021
Көрсетілген редакция
29.07.2021 157484_533007.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023785
ЭКБ идентификаторы
157484
Редакция идентификаторы
157484_533007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:21

0 «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
5,6,7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

5

«5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған өтінімдерді облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша жыл сайын 15 наурызға дейін береді.

6

6. Медицина кадрларын резидентурада даярлауға тапсырыс берушілерден алынған өтінімдердің негізінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 10 сәуірге дейін қаржыландыру көзін көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы клиникалық мамандықтар бөлінісінде медициналық кадрлардың жалпы қажеттілігін қалыптастырады және уәкілетті органға және облыстың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО) жібереді.

7 7. Резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін уәкілетті орган жыл сайын 10 сәуірге дейін білім беру ұйымдарының арасында конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.»;

14 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

14

«14. Конкурстық өтінім уәкілетті орган айқындайтын Ұлттық үйлестірушіге конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.»;
16-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10 «10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингке қатысу.»;

18 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

18 «18. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша уәкілетті органның бұйрығымен медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және уәкілетті органның Интернет-ресурстарында жарияланады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Қолданыстағы