Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2020 года № 342 «Об организации и проведении мирных собраний»

Өзге акт · № 117 · қабылданған 31.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2020-no-342/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2020 года № 342 «Об организации и проведении мирных собраний» Қолданыста Өзге акт ·№ 117 ·31.07.2024
31.07.2024 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2020 года № 342 «Об организации и проведении мирных собраний»

Қолданыста Өзге акт ·№ 117 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2020 года № 342 «Об организации и проведении мирных собраний»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 342 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
117
Қабылданған күні
31.07.2024
Көрсетілген редакция
31.07.2024 199591_715340.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NC102541
ЭКБ идентификаторы
199591
Редакция идентификаторы
199591_715340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:16

0 Мәслихаттың 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 342 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 342 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 18 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 20 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы