О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 15 декабря 2020 года № 72/675-6с «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан города Шымкент при амбулаторном лечении бесплатно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 15 декабря 2020 года № 72/675-6с «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан города Шымкент при амбулаторном лечении бесплатно»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/102-VIII
- Қабылданған күні
- 19.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2023 190397_672599.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23E012102M
- ЭКБ идентификаторы
- 190397
- Редакция идентификаторы
- 190397_672599
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:47
0
«Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
кестеде:
реттік нөмірлері 8, 9, 10-жолдар мынадай мазмұндағы 8, 9, 10, 10-1 және 10-2 жолдармен ауыстырылсын:
«
8.
Муковисцидоз
Ацетилцистеин, көпіршитін таблеткалар 200 мг
Динамикалық байқауда тұрған балалар
9.
Диеталық емдік тамақтануға арналған арнайы тамақ өнімі
10.
Диеталық емдік тамақтануға арналған гидролизденген ақуыз, сүт сарысуы негізіндегі қоспа
10-1.
Тиамфеникол глицинат ацетилцистеинат,
инъекция мен ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
10-2.
Натрий хлориді ерітіндісі 7%, натрий гиалуронаты 0,1%, ингаляциялық енгізуге арналған стерильді ерітінді, 4 мл
»;
реттік нөмірі 67-жол мынадай мазмұндағы 67 және 67-1 жолдармен ауыстырылсын:
«
67.
Шашыраңқы беріш
Кладрибин, таблеткалар 10 мг
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
67-1.
Офатумумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді 20 мг/0,4 мл
»;
реттік нөмірі 70-жол мынадай мазмұндағы 70 және 70-1 жолдармен ауыстырылсын:
«
70.
Бастапқы иммун тапшылықтары
Плазмадан алынған C1-тежегіші, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ХБ
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
70-1.
Ланаделумаб,
тері астына енгізуге арналған ерітінді 300 мг/2мл (150 мг/мл)
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 99-103 жолдармен толықтырылсын:
«
99.
Басқа апластикалық анемиялар
Циклоспорин (Сандиммун Неорал) капсулалар 25 мг, 50 мг, 100 мг
Динамикалық байқауда тұрған балалар
100.
Кистозды фиброз (Муковисцидоз)
Дорназа альфа (Пульмозим), ингаляцияға арналған ерітінді 1 мг/мл 2,5 мл
Динамикалық байқауда тұрған балалар
101.
Псориаз
Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/1,0 мл
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
102.
Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия
Паливизумаб, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 50 мг, 100 мг/ 1 мл
Динамикалық байқауда тұрған балалар
103.
Ходжкиндік емес лимфоманың басқа және анықталмаған түрлері
Акалабрутиниб, капсулалар 100 мг
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
».