Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда»

Қаулы · № 144 · қабылданған 21.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2020-no-78-ekb-150556/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 144 ·21.12.2020
21.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 144 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда»
Атауы (қаз.)
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
21.12.2020
Көрсетілген редакция
21.12.2020 150556_502093.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021916
ЭКБ идентификаторы
150556
Редакция идентификаторы
150556_502093
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:55

0

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20909 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті бөлімше Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына қосымша бағалау жүргізеді.»;
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 144 қаулысымен
қосымша
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларына
2-қосымша

Бағалау өлшемшарттары
Өлшемшарттарға берілетін балл (көрсеткіштің мәні пайызбен анықталды)
Жаһандық мандат
Арнайы мандат
Өңірлік мандат
1.
Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде көрсеткіштер тиісті мандатпен қамтуға байланысты нормаланады)
35 балл
35 балл
35 балл
соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық геометриялық үстеме кірістілік (егер кезеңдегі үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан аз оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)
40
пайыз
40 пайыз
40
пайыз
ақпараттық коэффициенттің соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы орташа арифметикалық көрсеткіші (егер кезеңдегі ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)
60
пайыз
60 пайыз
60
пайыз
2.
Ұйым және Активтер
15 балл
15 балл
15 балл
қызметкерлердің ұйым капиталының құрылымына қатысуы (employee owned)
25
пайыз
25 пайыз
25
пайыз
басқарудағы активтердің орташа жылдық өзгеруі (пайызбен) (соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жыл аралығындағы немесе басқарудың басынан бастап әкетілулер мен әкелінулер)
25
пайыз
25 пайыз
25
пайыз
басқарудағы жалпы активтерге қатысты осы қаралатын мандат бойынша активтер көлемінің пайызы (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде өңірлік мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)
25
пайыз
25 пайыз
25
пайыз
басқарудағы жалпы активтерге институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің үлесі
25
пайыз
25 пайыз
25
пайыз
3.
Команда
15 балл
15 балл
15 балл
тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі
50
пайыз
50 пайыз
50
пайыз
жалпы компания бойынша инвестициялық блок қызметкерлерінің (портфельдік менеджерлер, талдаушылар, трейдерлер) арасында қызметкерлердің қозғалысы (ең аз мәні ескеріледі)
50
пайыз
50 пайыз
50
пайыз
4.
Сыртқы басқарушының іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен клиенттердің мүдделерін сақтандыру түрінің болуы
5 балл
5 балл
5 балл
5.
Басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы деңгейі
18 балл
20 балл
20 балл
базалық комиссиялық сыйақының деңгейі (ең аз мәні ескеріледі)
75
пайыз
75 пайыз
75
пайыз
сыртқы басқарушының басқаруды бастаған күнінен бастап (net new high basis since inception) өткен кезеңдердегі ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізілген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақы төлеу қағидатын қабылдау
10
пайыз
10 пайыз
10
пайыз
сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің ең төменгі шегі бойынша базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес талапты қабылдау
10
пайыз
10 пайыз
10
пайыз
бірнеше жыл ішінде сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны бөліп төлеу талаптарын белгілеуді қабылдау
5
пайыз
5 пайыз
5
пайыз
6.
Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқыту
5 балл
10 балл
10 балл
ұзақтығы 1 (бір) – 2 (екі) апта қысқа мерзімді оқыту
50
пайыз
50 пайыз
50
пайыз
ұзақтығы 1 (бір) айдан бастап тағылымдамадан және (немесе) секондменттен өту мүмкіндігін ұсыну
50
пайыз
50 пайыз
50
пайыз
7.
Тиісті қаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында заңды тұлға құру немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы міндеттеме-хатты ұсыну не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде әлеуетті сыртқы басқарушының қаржылық қызметті жүзеге асыруы туралы растау-хатты ұсыну
7 балл
0 балл
0 балл
Ескертпе:

1 1. Әлеуетті сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасы болып табылады.

2 2. Балдарды есептеу үшін әрбір көрсеткіш барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылатын өлшемшарттардағы ең жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға тиіс.

Бұл ретте әлеуетті сыртқы басқарушының нормаланған көрсеткіші – бұл сыртқы басқарушы көрсеткішінің қаралатын өлшемшарт бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

3 3. Егер сыртқы басқарушы басқа мандат шеңберінде жарияланған мандат бойынша активтерді басқарса, онда басқа мандат шеңберінде осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады.

4 4. Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Көрсеткіш (қызметкерлерді оқыту талаптары)
Көрсеткішке берілетін балл
Сыртқы басқарушы ұшу, тұру, тамақтану ақысын төлейді
1
Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді
0,5
Сыртқы басқарушы тамақтану ақысын төлейді
0,2

Қолданыстағы